• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №730

370 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 18 желтоқсан, Астана қаласы «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы 2012 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларында: көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы Ә. Смайылов __________ 2015 жылғы 18 желтоқсан Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №74 бұйрығына қосымша Жаңартылатын энергия көздерiнің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан 20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат Нысанның индексі: № 1 нысан. Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: тоқсан сайын. Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жаңартылатын энергия көздерiн пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар. Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі. Нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сұрау салуы бойынша. Есептік кезең: тоқсан. 1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________ ____________________________________________________________________ 2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері ____________________________ 3. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы ____________________________________ 4. ЖЭК пайдалану объектісінің орналасқан жері ____________________________________________________________________ 5. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт) ______________________ 6. Пайдаланатын ЖЭК түрі ______________________________________________ 7. Жинау нысаны (электронды түрде, қағазда)______________________________ № Көрсеткіштер Болжам Нақты 1 2 3 1 Электр энергиясын өндіру, мың кВтс 2 Жылу энергиясын өндіру, Гкал 3 Электр энергиясын босату, мың кВтс 4 Жылу энергиясын босату, Гкал 5 Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/кВтс ҚҚС-сыз 6 Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/Гкал ҚҚС-сыз Ескертпе: Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі. _________________________________________________________________________________ (Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні, мөрі) «20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат» нысанды толтыру жөніндегі түсінікті 1. 20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – Нысан) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Нысан жаңартылатын энергия көздерiн (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен ұсынылады. 3. Нысан келесі жолымен толықтырылады: 1-бөлімде ақпарат беретін ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; 2-бөлімде ұйымның заңды мекенжайы (облыс, аудан/қала, елді мекен) көрсетіледі; 3-бөлімде ЖЭК объектісінің толық атауы көрсетіледі; 4-бөлімде ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы көрсетіледі; 5-бөлімде ЖЭК объектісінің қуаты көрсетіледі; 6-бөлімде ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (күн, жел, гидроэлектр станция, биогаз қондырғы) көрсетіледі; 7-бөлімде энергия өндіруші ұйымдармен ұсынылатын ақпараттың беру түрлері көрсетіледі; Келесі мәндерге рұқсат етіледі: электронды түрде (электрондық пошта); қағаз тасығышта (факс, хат). Екі мәтіннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі; 1 жолдың «Электр энергиясын өндіру, мың кВтс» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) ЖЭК объектілерімен электр энергия өндіруінің болжамды мәліметтер көрсетіледі; 1 жолдың «Электр энергиясын өндіру» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерімен электр энергия өндіруінің нақты мәліметтер көрсетіледі; 2 жолдың «Жылу энергиясын өндіру» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) ЖЭК объектілерімен жылу энергия өндіруінің болжамды мәліметтер көрсетіледі; 2 жолдың «Жылу энергиясын өндіру» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерімен жылу энергия өндіруінің нақты мәліметтер көрсетіледі; 3 жолдың «Электр энергиясын босату» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) электр жүйесіне босатуға жоспарланып жатқан электр энергиясының болжамды көлемі көрсетіледі; 3 жолдың «Электр энергиясын босату» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде электр жүйесіне босатылған электр энергиясының нақты көлемі көрсетіледі; 4 жолдың «Жылу энергиясын босату» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатуға жоспарланып жатқан жылу энергиясының болжамды көлемі көрсетіледі; 4 жолдың «Жылу энергиясын босату» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде бірыңғай жылу жүйесіне босатылған жылу энергиясының нақты көлемі көрсетіледі; 5 жолдың «Электр энергиясының орташа босату бағасы» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйымымен сатуға жоспарланып жатқан электр энергиясының орташа құны көрсетіледі; 5 жолдың «Электр энергиясының орташа босату бағасы» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде электр энергия өндіруші ұйымымен сатылған электр энергиясының орташа құны көрсетіледі; 6 жолдың «Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйымымен сатуға жоспарланып жатқан жылу энергиясының орташа құны көрсетіледі; 6 жолдың «Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде электр энергия өндіруші ұйымымен сатылған жылу энергиясының орташа құны көрсетіледі; Жаңартылатын энергия көздерiнің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат Нысанның индексі: № 2 нысан. Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: тоқсан сайын. Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдары. Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі. Нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде. Есептік кезең: тоқсан. 1. 20__ жылғы __- тоқсанда _______________ әкімдігі ЖЭК пайдалану объектілерін салу үшін мынадай жер учаскелерін берді № жер учаскесінің кадастрлық нөмірі жер учаскесінің ауданы, га жер учаскесінің орналасқан жері, га берілген құқық түрі және мерзімі жер учаскесіне құқықты иеленушінің атауы және БСН жер учаскесінің мақсаты* 1 2 3 4 5 6 7 Ескертпе: * мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін, құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін. 2. 20__ жылғы __-тоқсанда _______________ облысы аумағында мынадай ЖЭК пайдалану объектілері іске қосылды: № объектінің атауы объектінің орналасқан орны объектіні іске қосу мерзімі объектінің негізгі жобалық сипаттамалары құрылыс салушының атауы және БСН 1 2 3 4 5 6 _________________________________________________________________________ (Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні, мөрі) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат» нысанды толтыру жөніндегі түсінікті 1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – Нысан) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Нысан жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) (облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктері) ұсынылады. 3. Нысан келесі жолымен толықтырылады: 1-бөлімде есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерін салуға берілген жер учаскелері туралы ЖАО-ның ақпараты көрсетіледі; 2 бағанда берілген жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі; 3 бағанда берілген жер учаскесінің ауданы көрсетіледі; 4 бағанда берілген жер учаскесінің нақты орналасқан жері (қала, аудан, ауыл (кенті) көрсетіледі; 5 бағанда түрі (жалға алу, уақытша пайдалану құқығы) және жер учаскесі қандай мерзімге берілгені көрсетіледі; 6 бағанда жер учаскесін алған ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; 7 бағанда берілген жер учаскесінің мақсаты; 4. 2-бөлімде есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде іске қосылған ЖЭК объектілері бойынша ақпарат көрсетіледі: 2 бағанда есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде іске қосылған ЖЭК объектісінің толық атауы көрсетіледі; 3 бағанда есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде іске қосылған ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы; 4 бағанда ЖЭК объектісінің іске қосылған мерзімі; 5 бағанда ЖЭК объектілерінің негізгі сипаттамалары; 6 бағанда ЖЭК объектісінің құрылысын жасап жатқан ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12898 болып енгізілді.